Журнал туралы

«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» қазіргі педагогикалық үдерістегі білім беру мәселелеріне қызығушылық танытатын зерттеушілерге, педагогтарға, білім беру жүйесінің қызметкерлеріне және оқырмандарға арналған рецензияланатын ғылыми практикалық-әдістемелік журнал болып табылады.

Журнал Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын басылымдар тізбесінің «2-Тізіміне» 2026 жылдан бастап енгізілген (2025 жылғы 9 желтоқсандағы №2138 бұйрық)

Журналдың мақсаты білім беру саласындағы теориялық және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау арқылы педагогикалық ғылым мен практиканың дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Журнал оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерін, әдістемелері мен технологияларын таратуға, сондай-ақ зерттеушілер, оқытушылар, практиктер мен білім беру және сабақтас пәндер мамандары арасында ғылыми алмасуды ынталандыруға бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін жаңғырту, заманауи білім беру стандарттарын енгізу және педагог кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылады.

Журналда зерттеушілердің, магистранттардың және докторанттардың білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуде ғылыми жетекшілермен бірлесіп жазған ғылыми зерттеулерінің нәтижелері жарияланады.

Журналдың тақырыптық бағыттары:

Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер.

ISSN 1991-0614
eISSN 2788-8762