Мақаланы рәсімдеу үшін қойылатын талап

Редакциялық алқа журналдың ғылыми-педагогикалық бағыты бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақала электрондық форматта (doc, .docx) тек журналдың ресми сайтына жүктеу арқылы https://vestnik.ppu.edu.kz/ ұсынылады.

Шрифт кеглі – 14 (кесте мәтініне – 10 рұқсат етіледі), шрифт – Times New Roman, түзету – мәтін ені бойынша, интервал – бір, абзац шегінісі – 1,25 см, өрістері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол және оң – 2 см.

Суреттер, кестелер, графиктер, диаграммалар және т.б. нөмірлері мен атауын көрсете отырып, тікелей мәтінде ұсынылады (мысалы, Сурет (Кесте) 1 – атауы). Кестенің атауы кестенің жоғарғы жағында абзацтан, суреттің атауы суреттің төменгі жағында ортадан көрсетіледі. Суреттер, кестелер, графиктер мен диаграммалар саны мақаланың барлық көлемінің 20%-нан аспауы тиіс.

Мақаланың көлемі (атауын, авторлар туралы мәліметтерді, аннотацияны, кілтті сөздерді, библиографиялық тізімді есепке алмағанда) кемінде 3000 сөзді құрауы және 5000-нан аспауы тиіс.

 

Мақала құрылымы:

Бірінші жол – ӘОЖ нөмірі, (әмбебап ондық жіктеу, 37... басталады) түзету – сол жақ шетінен, шрифт – жартылай қалың.

Екінші жол – ҒТАМР нөмірі (ғылыми техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторы, 14... басталады), түзету – сол жақ шеті бойынша, шрифт – жартылай қалың.

Бір бос орын (пробел)

Мақаланың авторы(лары) – аты-жөні мен тегі көрсетіледі отырып, бірнеше автор болған кезде жұмыс орындары реттік нөмірлері бар тізім түрінде көрсетіледі (үстеме), қала, мемлекет. Бұдан әрі – жеке жолда автордың e-mail көрсетіледі: бірнеше автор болған жағдайда тек қана корреспондент автордың e-mail көрсетіледі. Корреспондент автор* белгісімен белгіленеді. Рәсімдеуді мақала үлгісінен қараңыз.

Бір бос орын (пробел)

Мақаланың атауы (тақырыбы) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырманның назарын аударуы және қысқа және мазмұнды болуы керек. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы – 7-13 сөз. Мақаланың атауы мақала тілінде ұсынылуы керек. Мақаланың атауы жартылай қалың шрифтпен, БАС ӘРІПТЕРМЕН, түзету ортасында ұсынылады.

Бір бос орын (пробел)

Мақала тілінде 150-250 сөзден тұратын аннотация (басқа екі тілде әдебиеттер тізімінен кейін мақаланың соңында беріледі).

Аннотация құрылымы келесі МІНДЕТТІ тармақтарды қамтиды:

  • Зерттеу тақырыбы туралы кіріспе сөз.
  • Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары мен идеялары.
  • Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы.
  • Жүргізілген зерттеудің құндылығы (осы жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі).

Кілтті сөздер/сөз тіркестері – мақала тілінде 5-7 сөз.

Аннотация мен кілтті сөздер жартылай қалың шрифтпен, кіші әріптермен, курсивпен ұсынылады. Аннотацияның мазмұны және кілтті сөздер қарапайым қаріппен, кіші әріптермен, курсивпен жазылады.

Бір бос орын (пробел)

Мақала мәтіні

Мақала мәтіні келесі бөліктерді қамтуы керек:

Кіріспе

Бөлімде таңдап алынған зерттеу мәселесінің өзектілігі, оны шешу жолдарын іздеудің қажеттілігі және мәселенің зерттелу деңгейі ашып көрсетіледі. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бұл мәселені шешудің маңыздылығы, зерттеу нәтижелерінің ғылыми-практикалық тұрғыдан мәні бар міндеттерді шешуде қолданылу мүмкіндігі айқындалады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне қысқаша сипаттама беріледі, зерттеу нысаны мен пәні анықталады, таңдалған саладағы зерттеулердің жалпы даму үрдістерін көрсету арқылы мәселенің зерттелу деңгейі талданады. Сондай-ақ теорияда, әдіснамада, тәжірибеде немесе зерттеу қорытындыларында кездесетін қайшылықтар, зерттеулердегі олқылықтар немесе ғылыми мектептер арасындағы кемшіліктер айқындалады.

Осы орайда соңғы 5-10 жыл ішінде қарастырылып отырған тақырып бойынша қазақстандық ғалымдардың, жақын және алыс шетел зерттеушілерінің ең беделді ғылыми еңбектеріне қысқаша шолу жасау қажет.

Материалдар мен әдістер

Зерттеу бөлімінде зерттеудің орындалу кезеңдерінің бірізділігі сипатталып, зерттеу барысында қолданылған әдістерді таңдаудың негіздемесі беріледі. Зерттеу материалына жан-жақты сипаттама жасалады.

Алынған нәтижелерге қол жеткізу үшін қолданылған әдіснама мен зерттеуде пайдаланылған нақты әдістерді егжей-тегжейлі сипаттау ұсынылады. Егер деректерді жинау барысында дәстүрлі емес, инновациялық әдістер қолданылған болса, бұл бөлімді әсіресе мұқият әрі толық баяндау қажет.

Нәтижелері және талқылау

Негізгі бөлім – деректерді талдау, жинақтау және түсіндіру арқылы жұмыс гипотезасын дәлелдеуге арналған бөлім. Көлемі жағынан бұл бөлім мақалада орталық орын алады. Мұнда жүргізілген зерттеудің негізгі нәтижелері дәлелді түрде баяндалады, алынған нәтижелердің күтілген нәтижелерге сәйкестігі сипатталады, зерттеу мақсатына қол жеткізілгені негізделеді, сондай-ақ осы жұмыстың нәтижелерін басқа авторлардың еңбектерінен ерекшелендіретін ғылыми жаңалығы айқындалады. Бөлімде математикалық-статистикалық талдаудың әртүрлі түрлері мен әдістерін қолдану қорытындылардың негізділігі мен сенімділігін қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Алынған нәтижелердің ғылым мен практикада қолдануға жарамдылығын дәлелдейтін деректер келтіріледі. Бөлім автордың жеке аналитикалық, жүйеленген материалдарынан тұрады. Қажет болған жағдайда кестелермен, графиктермен, суреттермен толықтырылып, олардың мазмұнына кейіннен сипаттама беріледі.

Қорытынды

Бөлімде алынған нәтижелер жүйеленіп ұсынылады. Зерттеу нәтижелеріне қысқаша тұжырым жасалып, олардың маңыздылығы негізделеді. Алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы сипатталып, оларды қолданудың ықтимал салалары, практикалық және ғылыми маңыздылығы көрсетіледі. Сонымен қатар, бөлімде қарастырылған мәселелердің даму болжамы қамтылып, зерттеудің негізгі проблемасын одан әрі зерделеудің перспективалары айқындалады.

Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болса).

Бір бос орын (пробел)

Мақала авторларының қосқан үлестері.

Бір бос орын (пробел)

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Мақала мазмұнында осыған ұқсас ғылыми мәселе бойынша отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми еңбектеріне шолу жасалуы тиіс. Пайдаланылған дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін айқындайды. Осыған байланысты авторларға төмендегі талаптарды сақтауға кеңес беріледі:

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10-20 атаудан тұруы тиіс;
  • мақала мәтініндегі дереккөздерге сілтемелер шаршы жақшада беріледі (дәйексіз [1], дәйексөз келтірілген немесе автор мәтіні мазмұндалған жағдайда [1, б. 29]). Нөмірлеу дәйексөздер келтірілу ретіне қарай жүргізіледі;
  • мақалада электрондық ресурстардан алынған дереккөздер пайдаланылған жағдайда, міндетті түрде DOI нөмірі немесе Интернет желісіндегі толық электрондық мекенжайы және ресурсқа жүгінген күні көрсетілуі қажет;
  • сабақтастық қағидатын сақтау және халықаралық тәжірибені интеграциялау мақсатында авторларға Scopus және WoS базаларында индекстелетін журналдарда жарияланған еңбектерге (кемінде 3 дереккөз); ҚР комитеті тізіміндегі журналдарда жарияланған еңбектерге (кемінде 5 дереккөз);
  • мемлекеттік құжаттардың саны 1 (бір) атаудан аспауы тиіс;
  • өзін-өзі дәйектеуге (self-citation) 2 дереккөзден артық жол берілмейді;
  • соңғы 20 жыл ішінде жарияланған дереккөздерді пайдалануға рұқсат етіледі;
  • әдебиеттер тізімі екі нұсқада рәсімделеді: 1. МЕМС 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен рәсімдеу ережелері» стандартына сәйкес, жарияланымның түпнұсқа тілінде; APA 7 Style (http://www.apastyle.org/) жүйесі бойынша транслитерацияланған нұсқада (http://www.translit.ru), жарияланым тілі көрсетіле отырып.

МЕМС 7.1-2003 үлгісі:

  1. Білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Кәсіби стандарт. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы №31 бұйрығы. https://adilet.zan.kz/rus/docs/G25HP000031 (қаралу күні 24.10.2025)
  2. Aktoprak,, Hursen, C. A bibliometric and content analysis of critical thinking in primary education // Thinking Skills and Creativity. – 2022. – №4(44). – P. 1-10. – https://doi.org/10.1016/j.tsc.2022.101029
  3. Акешова,, Aбжекенова Б. Профессиональная педагогическая компетенция: ключевой пункт развития креативных способностей обучаемых // Вестник КазНУ: серия педагогические науки. – 2023. – №1(74). – С. 155-164. – https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.015

APA 7 стилінде транслитерацияланған үлгі:

  1. Aimagambetov, A. (2022). Balany zhabіrleudіn (bullingtіn) profilaktikasy қagidalary [Rules for preventing bullying of children]. Order of the Minister of Education of the Republic of Kazakhstan dated December 21, 2022, No. 506 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031180 (review date 24.10.2025) [in Kazakh]
  2. Mehari, K., Beulah, B., Paskewich, B., Leff, S., & Waasdorp, T. (2022). Cyberbullying and empathy among late-elementary school children. International Journal of Bullying Prevention, 5, 79- https://doi.org/10.1007/s42380-022-00119-9 [in English]
  3. Abdigapbarova, U., Zhienbaeva, N. (2021). Nauchno-metodicheskie rekomendacii sovershenstvovaniya professional'noj podgotovki budushchego uchitelya na osnove studentocentrirovannogo obucheniya v usloviyah cifrovoj sredy [Scientific and methodological recommendations for improving the professional training of a future teacher on the basis of student-centred learning in a digital environment]. Journal “Pedagogy and Psychology” of the Abai Kazakh National Pedagogical University, 2(47), 31-40. https://doi.org/10.51889/2021-2.2077-6861.03 [in Russian]

Бір бос орын (пробел)

Мақала тілінен басқа екі тілдегі тақырып, авторлар, аңдатпа және кілт сөздер

Reference-тен кейін мақала тілінен басқа екі тілде (қазақ / орыс / ағылшын) орналастырылады.

Бір бос орын (пробел)

Авторлар туралы мәліметтер 3 тілде беріледі, қамтиды:

Тегі Аты Әкесінің аты (толық), ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы, ұйымы, мекен-жайы, мемлекет. е-mail телефон (хат-хабар автор үшін), ORCID: (болған жағдайда)

Мысалы:

Авторлар туралы мәлемет:

Матаев Берік Айтбайұлы - философия докторы (PhD), Педагогика жоғары мектебінің қаумдастырылған профессоры, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан. E-mail: matayevba@pspu.kz. ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0610-5108

Ахметова Динара Салкеновна – хат-хабар үшін автор, магистрант, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар, Қазақстан. Tel. +77773179995. E-mail: dinaraakhmetova11@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0610-5109

 

Information about the authors:

Matayev Berik - Philosophy Doctor (PhD), Associate Professor of the Higher School of Pedagogy, Pavlodar Pedagogical University named after Alkey Margulan, Pavlodar, Kazakhstan. E-mail: matayevba@pspu.kz. ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0610-5108

Akhmetova Dinara - the author is for correspondence, Master's student, Pavlodar Pedagogical University named after Alkey Margulan, Pavlodar, Kazakhstan. Tel. +77773179995. E-mail: dinaraakhmetova11@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0610-5109

 

Информация об авторах:

Матаев Берик Айтбаевич - доктор философии (PhD), ассоциированный профессор высшей школы педагогики, Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан, Павлодар, Казахстан. E-mail: matayevba@pspu.kz. ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0610-5108

Ахметова Динара Салкеновна - автор для корреспонденции, магистрант, Павлодарский педагогический университет имени Әлкей Марғұлан. Павлодар, Казахстан. Tel. +77773179995. E-mail: dinaraakhmetova11@gmail.com, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0610-5109

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редакция авторлардан дефис (-) пен сызықшаны (–) бір-бірінен нақты ажырата білуді сұрайды.

 

Редакцияға келіп түскен мақалалар міндетті түрде бірінші кезеңде осы нұсқаулықта және сайтта орналастырылған мақала шаблонында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан бастапқы техникалық тексеруден өтеді. Мақаланың рәсімделуі журнал талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, мақала авторларға қайта өңдеуге қайтарылады. Авторлардың назарын аударамыз: мақаланы рәсімдеу автор(лар)дың тікелей міндеті, ал редакция қажетті талаптар туралы толық ақпарат пен мақала рәсімдеу үлгісін ғана ұсынады және мақала сараптамасының алғашқы кезеңінде техникалық бақылауды жүзеге асырады. Егер автор(лар) бастапқы техникалық тексеруден екі рет өтпесе, мақала түпкілікті түрде қабылданбайды және журналда қайта қарауға жіберілмейді.

 

Мақаланың екінші кезеңінде қолжазба міндетті түрде https://antiplagiat.ru жүйесі арқылы тексеруден өтеді. Мақаланың түпнұсқалық (оригиналдық) деңгейі кемінде 75 % болуы тиіс.

Егер қолжазба тексеруден өтпесе (түпнұсқалық деңгейі 75 %-дан төмен болса), мақала қабылданбайды және журналда қайта қарауға тек жаңа өтінім беру арқылы ғана қабылданады.

 

Алғашқы техникалық тексеруден және плагиатқа қарсы бақылаудан өткеннен кейін мақалалар анонимді қосарланған «соқыр» рецензиялауға жіберіледі. Рецензиялау мерзімі 1 айдан 6 айға дейін созылады. Автор(лар) рецензиялау нәтижелері туралы жеке кабинет арқылы хабардар етіледі. Теріс рецензия алған мақалалар қайта қарауға қабылданбайды.

 

Мақалалардың түзетілген нұсқалары және автордың рецензентке берген жауаптары редакция белгілеген мерзімдерде журнал сайтыдағы автордың жеке кабинеті арқылы редакцияға жолданады. Оң рецензия алған мақалалар журнал редакциясына талқылауға ұсынылады.

Мақалаларды сараптаудың барлық кезеңдерінен өту үдерісі ашық әрі айқын болып табылады, автор журналдың сайтындағы жеке кабинеті арқылы осы үдерісті бақылауға және сол арқылы редакциямен байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редакция мақалалардың рәсімделуі, мазмұны және жариялау туралы қабылданған шешімдер бойынша авторлармен пікірталас жүргізбейді.