Авторларға арналған ережелер
Редакциялық алқа авторлардан журналда жариялау үшін мақалалар дайындау кезінде келесі ережелерді басшылыққа алуды сұрайды.
Журнал редакциясына ұсынылатын ғылыми мақалалар МЕМС 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспа ресімдеу», мақала ішіндегі библиографиялық тізімдер МЕМС 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» мақалаларды ресімдеу жөніндегі базалық баспа стандарттарына сәйкес ресімделуге тиіс.
- Нөмір басылымына бір автордан немесе авторлар ұжымы құрамындағы сол автордан бір қолжазбадан артық емес рұқсат етіледі.
- Бір мақаланың бірлескен авторларының саны 3-тен аспауы керек.
- Мақаланың тұпнұсқа (плагиат) дәрежесі кемінде 75% (ЖИ-ді қоспағанда) болуы керек. Мақала лицензияланған Antiplagiat.ru жүйесі арқылы плагиаттың бар-жоғына тексеріледі.
- Жіберілетін мақалалар бұрын жарияланбауы тиіс, сондай-ақ оны басқа журналдарда, оның ішінде басқа тілдерге аудармаларда кейіннен жариялауға жол берілмейді
- Қолжазбаны жариялауға қабылдау туралы шешім рецензиялау рәсімі өткізілгеннен кейін қабылданады.
- Қосарланған шолу (соқыр) құпия түрде жасалады, авторға рецензенттің аты – жөні берілмейді, ал рецензентке мақала авторының аты-жөні айтылмайды.
- Мақала үшін төлем мақала жарияланымға қабылданғаннан кейін жүргізіледі.
- Бір жылда басылымына бір автордан немесе авторлар ұжымы құрамындағы сол автордан 2 қолжазбадан артық емес рұқсат етіледі.
- Талаптарды бұза отырып ресімделген мақалалар жариялауға қабылданбайды және авторларға қайтарылады.
Редакция мақаланы әдеби және стилистикалық өңдеумен айналыспайды.
Мақалалар түскен сайын жарияланады.
«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» журналын шығару кезеңділігі - жылына төрт рет (тоқсан сайын)
Мақаланы (электрондық нұсқа және төлем туралы түбіртектер) сайтқа жіберу керек: https://pedvestnik.ppu.edu.kz/. Мақаланы жариялауға жіберу үшін сайтта тіркелу қажет.
Қолжазбаны дайындауға ең көп зияткерлік үлес қосқан адам (екі немесе одан да көп бірлескен авторлармен) корреспондент - автор болып табылады және "*" деп белгіленеді.
Екі реттік рецензиялау (соқыр) процедурасын жүзеге асыру үшін авторлар мақаланың екі нұсқасын жіберуі керек: біріншісі - жеке деректерді көрсете отырып, екіншісі - тек мақаланың мазмұны.