Жарияланым этикасы
«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» ғылыми журналының редакциялық алқа мүшелері өз кәсіби іс-әрекетінде «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» ғылыми журнал үшін жарияланым этикасы қағидаттары мен нормаларын ұстанады. Жариялау этикасы Жариялау этикасы комитетінің (COPE) халықаралық жариялау этикалық нормасына, Scopus (Elsevier) журналдарын жариялаудың этикалық қағидаттарына, Павлодар педагогикалық университетінің Академиялық адалдық кодексіне сәйкес әзірленді.
Жарияланым этикасы редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың этикалық мінез-құлқының нормаларын, қағидаттары мен стандарттарын, мүдделер қақтығысын, әдепке жат мінез-құлықты анықтау жөніндегі шараларды, мақаланы тәркілеу (ретракция), түзету және теріске шығару жөніндегі нұсқаулықтарды белгілейді.
Жарияланым процессінің барлық қатысушылары, жаряланым этикасының принциптерін, нормаларын және стандарттарын сақтайды.
Ғылыми журналының сапасы жарияланым процесінің қатысушыларының принциптерінің орындауымен қамтамасыз етіледі: авторлардың теңдігі, құпиялылық принципі, бір реттік жарияланым, қолжазба авторлығы, өзіндік ерекшелігі принципі, ақпарат көздерін растау принципі , рецензиялаудың объективтілігі мен уақыттылылығы принципі.
Бас редакторы мен жауапты хатшысының құқығы мен міндеттері. «Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» журналының бас редакторы мен жауапты хатшысының лауазымдық міндеттері мен құқықтары сәйкесінше бекітілген лауазымдық нұсқаулықтармен анықталған.
Рецензенттердің міндеттері мен құқықтары
«Қазақстанның педагогикалық хабаршысы» журналының рецензенттері объективтілік принципін жетекшілікке алуға міндетті.
Қолжазба авторының (авторларының) жеке сынына жол берілмейді. Рецензент өзінің ескертулерін нақтылауы және қолжазбаны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімің негіздеу керек.
Ұлты, діни ұстанымы, автордың саяси немесе басқа көзқарастары рецензенттің қолжазбаны рецензиялауы барысында ескерілмеуі және есепке алынбауы керек.
Рецензент берген эксперттік баға, редакцияға жариялау үшін шешім қабылдауға ықпал етуі және авторға қолжазбаны жақсартуға көмектесуі керек.
Редакторлық алқаның қолжазбаны жариялау шешімі, авторға жұмысын өзгерту немесе қайта қарауға, жариялаудан бас тарту шешімі рецензиялау қорытындысына сүйене отырып қабылданады.
Уақытылы рецензиялау принципі. Рецензент рецензиясын редакциямен анықталған мерзімде қайтаруы керек, бірақ қолжазбаны алған кезден 2 аптадан кешіктірмеуі маңызды. Егер мақаланы қарастыру және рецензияны дайындау белгіленген мерзімде мүмкін емес болса, онда рецензент бас редакторға ескертуі керек.
Рецензент, өзінің біліктілігі ұсынылған қолжазбаны рецензиялауға, шешім қабылдауға сәйкес келмейді деп санаса, дереу ғылыми редакторға хабарлап және қолжазбаны рецензиялаудан бас тартуы керек.
Рецензенттің құпиялылық принципі. Рецензентке рецензиялауға ұсынылған қолжазба конфиденциалды материал ретінде қарастырылады. Рецензент оны демонстрациялауға немесе өзге адамдармен талқылауға журналдың ғылыми редакторы немесе автордың жазбаша рұқсатымен ғана құқылы.
Рецензиялау және жариялау процесін қамтамасыз ету барысында алынған ғылыми жұмысының идеясы және ақпараты, жеке пайдасы үшін рецензетпен қолданылмауы керек.
Дереккөзді растау принципі. Рецензент қарастырылған қолжазбаның зерттеушілік нәтижесіне, әсер ететін бірақ, автор еңгізбеген жұмыстарды ұсынуы керек. Сонымен қатар, рецензент қарастырылып отырған қолжазбаның өзіне белгілі бұрын жарияланған жұмыспен маңызды ұқсастығын бар екенің көрсе ғылыми редактордың назарына жеткізуі міндетті.
Егер, рецензент қолжазбада плагиат, көшірулер, жалған немесе ойдан шығарылған материалдар немесе зерттеу нәтижелері бар екенініне дәлелді себептер берсе, онда ол қолжазбаны жариялауға жол бермей, журналдың ғылыми редакторына принциптердің, стандарттар мен жариялау нормасы, ғылыми этиканың бұзылуы анықталғаның көрсетеді.
Авторлардың құқығы мен міндеттері
Жариялау этикасы келесі принциптерді ұстануға негізделген:
Жарияланымдардың бір рет жариялануы. Автор(-лар) ұсынылған мақаланың қолжазбасы басқа басылымдарға қарау үшін ұсынылмағанына кепілдік береді. Қолжазбаны бір уақытта бірнеше журналдар / басылымдарға жіберу қолайсыз және бұл принциптер, стандарттар мен нормаларды және жариялау этикасының өрескел бұзу болып табылады.
Қолжазба құқығы. қолжазбаны дайындауға (екі немесе одан да көп авторлар болған жағдайда) ең үлкен зияткерлік үлес қосқан адам автор-корреспондент болып табылады және тізімде бірінші болып көрсетіледі.
Мақаланың соңғы нұсқасына жауапты болатын (егер авторлардың саны бірден көп болса), редакциямен байланысу, хат алмасу үшін, барлық зерттеуге өз үлесін қосқан қатысушыларды авторлар қатарына косатын және барлық автордан жариялау үшін соңғы келісім алатын корреспондент автор тағайындалуы керек. Қолжазбада/мақалада көрсетілген барлық авторлар жұмыстың мазмұнына жауап береді.
Түпнұсқалық принципі. Автор(-лар) қолжазбада көрсетілген зерттеу нәтижелері өзіндік жұмыс болып табылатындығына және процесте анықталуы мүмкін дұрыс емес қарыздар мен плагиат болмайтындығына кепілдік береді.
Авторлар этикалық емес мінез-құлық, плагиат, өзіндік плагиат белгілері бар мақалаларды жариялауға, өзін-өзі дәйексөздеу, бұрмалау, ойдан шығару, деректерді бұрмалау, жалған авторлық, қайталану, қақтығыс мүдделер мен алдауға жауапты.
Дереккөзді растау принципі. Автор(-лар) ғылыми және зерттеу барысында пайдаланған басқа дерек көздерін дұрыс көрсетуге міндеттенеді. Басқа авторлардың шығармаларының қандай да бір бөліктерін пайдаланған және/немесе басқа автордың (авторлардың) мәлімдемелерін қарызға алған жағдайда қолжазбада бастапқы дереккөздің авторы (лары) көрсетілген библиографиялық сілтемелер көрсетілуі тиіс. Күмәнді көздерден алынған ақпарат қолжазбаны ресімдеу кезінде пайдаланылмауы тиіс.
Рецензенттер, ғылыми редактор, журналдың редакция алқасының мүшелері (редакторлары) шындыққа күмәнданған жағдайда және зерттеу нәтижелерінің сенімділігі үшін автор(лар) қолжазбада келтірілген нәтижелерді немесе фактілерді растау үшін қосымша материалдар ұсынуы керек.
Жариялау процесіндегі қателіктерді түзету. Жариялау процесінің кез келген сатысында жұмыста қателер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда авторлар бұл туралы ғылыми редакторға шұғыл түрде хабарлауға және журналдың сайтында түсініктемелермен тиісті түзету жариялау үшін қатені жоюға немесе түзетуге көмек көрсетуге міндеттенеді. Түзетуге болмайтын өрескел қателер анықталған жағдайда, автор қолжазбаны/мақаланы қайтарып алуы керек.
Жариялау этикасын сақтау принципі. Авторлар зерттеулерге қатысты сынға немесе ескертулерге, сондай-ақ рецензиялау және жариялау бойынша редакциямен өзара әрекеттесуге қатысты этикалық нормаларды сақтауға міндетті. Авторлардың этикалық қағидаларды сақтамауы басылым этикасын өрескел бұзу ретінде қарастырылады және қолжазбаны рецензиядан және/немесе басылымнан шығаруға негіз береді.
Мүдделер қақтығысы
Мүдделер қақтығысы, Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (СОРЕ) анықтамасы бойынша, бұл авторлар, рецензенттер немесе редакциялық алқа мүшелерінің жарияланған материалға қатысты пікірлеріне әсер ете алатын жасырын мүдделері бар жанжалды жағдайлар. Мүдделер қақтығысы рецензент пен редакциялық алқа мүшелерінің ғылыми пікіріне әсер етуі мүмкін қаржылық, жеке немесе кәсіби жағдайлар пайда болған кезде және нәтижесінде қолжазбаны жариялауға қатысты редакциялық алқа шешіміне әсер етеді.
Бас редактор, редакция алқасының мүшесі және рецензенттер редакция алқасының шешіміне қандай да бір түрде әсер етуі мүмкін ықтимал мүдделер қақтығысы туралы хабардар етуі керек. Редакция алқасының мүшелері қолжазба авторының (авторларының) зерттеу нәтижелерімен байланысты қандай да бір бәсекелестік қатынастарда болса немесе басқа мүдделер қақтығысы болса, қолжазбаны қараудан бас тартуы тиіс.
Қолжазбаны журналға қарауға берген кезде автор(-лар) қолжазбаның мазмұнында зерттеуді қаржыландырудың барлық көздері көрсетілгенін мәлімдейді; сондай-ақ қарауға берілген қолжазбаға қатысты мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін қандай коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторлар бар екенін көрсетеді. Автор(-лар) ілеспе хатта мүдделер қақтығысы болған кезде олардың қолжазбасын объективті бағалай алмайтын ғалымдарды көрсете алады.
Рецензент қолжазбаға қатысты кез келген автормен бәсекелестік, ынтымақтастық немесе басқа қарым-қатынастан туындайтын мүдделер қақтығысының себептері болуы мүмкін қолжазбаларды қарастырмауы керек.
Қолжазбаның мазмұнымен мүдделер қақтығысы болған жағдайда, жауапты хатшы бұл туралы Бас редакторға хабарлауы керек, содан кейін қолжазба басқа рецензентке беріледі.
Қарау және шолу процесінде қатысушылар арасында мүдделер қақтығысының болуы қолжазба қабылданбайды дегенді білдірмейді.
Барлық мүдделі тұлғалар мүмкіндігінше жарияланымның барлық кезеңдерінде кез келген вариацияда мүдделер қақтығысының туындауын болдырмауы қажет. Қандай да бір мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, осы қақтығысты ашқан адам бұл туралы редакцияға дереу хабарлауы керек. Бұл басқа да жарияланым және ғылыми этика принциптері, стандарттары мен нормаларын бұзушылыққа қатысты.
Этикалық емес мінез-құлық
Авторлардың, редакторлардың немесе баспагердің өз мақалаларына өз бетінше рецензия беруі, шарттық және жалған рецензияланған жағдайлары, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау үшін агенттік қызметтерге жүгіну, жалған авторлық, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және ойдан шығару, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақалалардың қолжазбасын басқа басылымдарға онсыз беру әрекеттері, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтар мен редакциялық процестердің құпиялылық принциптері бұзылған жағдайлар, дәйексөзді, плагиатты манипуляциялау жағдайлары этикалық емес мінез-құлық болып саналады.